Іс-шараға Ұлытау облысы «Жезқазған қаласы емханасының» ШЖҚ КМК мектеп мейірбикесі Н. Абжиева , «Серпін» жастар денсаулық орталығының психологы Г. Беспаева,эпидемиолог дәрігердің көмекшісі Л. Қозыбаева, мектеп психологы Е. Түктібаева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Ағыбаева қатысты.
Кездесу барысында қыз балаларға жеке бас гигиенасы, репродуктивті денсаулықты сақтау, өзін-өзі қорғау және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы туралы түсіндірілді.
Мақсаты - қыздардың бойында жауапкершілік, тазалық, өз қадірін білу және денсаулығына ұқыптылық сезімін тәрбиелеу.
