АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы.

ЖИТС - жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы, АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы.

АИТВ берілмейді:

  • қол алысу, құшақтасу, жөтелу және түшкіру арқылы
  • қоғамдық бассейнде, душта, көлікте
  • жәндіктер мен жануарлардың шағуы арқылы
  • АИТВ жұқтырған адам пайдаланған ыдыс-аяқ, киім, телефондар және басқа да тұрмыстық заттар арқылы
  • АИТВ жұқтырған адам дайындаған тағамды тұтыну кезінде

Берілу жолдары:

  • қан арқылы;
  • жыныстық жол;
  • тік жол (жүктілік кезінде, босану кезінде және нәрестені емшек сүтімен тамақтандыру кезінде анадан балаға беріледі)

Көз жасында, сілекейде, терде, зәрде және мұрыннан бөлінетін сұйықтықта жұқтыру үшін АИТВ жеткіліксіз, өте төмен мөлшерде болады.

Алдын алудың маңызды ережелерін сақта:

  • Жыныстық қатынастар кезінде презервативтерді қолданыңыз, «кездейсоқ» жыныстық қатынастан аулақ болыңыз,.
  • Есірткі тұтынудан бас тартыңыз.
  • Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) дер кезінде емдеу керек. ЖЖБИ болған кезде АИТВ жұқтыру қаупі артады!
  • Егер татуировка мен пирсинг жасатқыңыз келсе - сертификатталған салондарға барыңыз.
  • Басқа адамдардың жеке гигиена заттарын (тіс щеткалары, ұстара құралдары, маникюр керек-жарақтары және т.б.) пайдаланбаңыз.
  • АИТВ жұқтыру қаупі кезінде ҚАТЫНАСТАН КЕЙІНГІ (ҚКП/РЕР) немесе ҚАТЫНАСҚА ДЕЙІНГІ профилактиканы (ҚДП/PrEP) пайдаланыңыз - бұл алдын алу мақсатында антиретровирустық препараттарды қолдану.
  • Жыл сайын АИТВ тексеріңіз. АИТВ-ға оң нәтиже болған жағдайда уақытылы есепке алынып, антиретровирустық препараттарды қабылдау керек.

Консультацияны мына жерден алуға болады:

100600, Жезқазған   қаласы, Ғ. Омаров көшесі, 23 ғим., тел.:8 (7102) 41-00-76

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының  «Облыстық ЖИТС-тың алдын-алу және күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны