Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталуы туралы хабарландыру

Жарияланған күні: 2026 жылғы 23 сәуір
Орны: Жезқазған қ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» КМК Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 04 мамырдан бастап 30 жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.