2025 жылдың 11 қарашасында Ұлытау ЖИТС орталығының мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Жезқазған шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының (Жезқазған жоғары медициналық колледжі) мәжіліс залында баспасөз мәслихатын өткізді. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің 2025 жылғы тақырыбы «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге».

Баспасөз мәслихатына қатысушылар: БАҚ өкілдері (облыстық «Ұлытау» телеарнасы, облыстық «Жезказган вестник» газеті, т.б.) және түрлі басқармалардың (Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі, Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі, Ұлытау облысының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, «ОБ басқармасының білім бөлімі», «Жезқазған қаласының ішкі саясат» бөлімі, Жастар ресурстық орталығы).

Баспасөз мәслихатын «Ұлытау» ЖИТС орталығының директоры Л.Мұхамедиева ашып, қатысушыларды Акцияның мақсаты - халықтың АИТВ инфекциясы туралы хабардарлығын арттыруға және өзінің және өзгенің денсаулығына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеуге бағытталғанын жеткізді.

Спикер В. Цой, 2025 жылғы 31 қазандағы Қазақстандағы және Ұлытау өңіріндегі АИТВ эпидемиологиялық жағдайын талқылады.

Ұлытау ЖИТС орталығының психологы Г.Беспаева, АИТВ-инфекциясы өлім жазасына кесілмейтінін және дер кезінде емделудің адам өмірін ұзартуға болатынын баса айтты.

1-1
1-3
1-2