28 қаңтар күні Сәтбаев қаласындағы Ш. Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында Ұлытау облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Таза сана – жарқын қоғам» атты профилактикалық форум өтті.
Форумға 500-ден астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлықтың алдын алу және құқықтық сананы арттыру.
Форум барысында мамандар жастарға есірткінің зияны, оның салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы ақпарат берді. Интерактивті тренингтер, бейнероликтер, спорттық және тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды.
💬 Қатысушылар «Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі» қағидатын қолдайтындарын білдірді.
