2025 жылғы 17 қыркүйекте Жезқазған қаласының көпбейінді облыстық ауруханасында ЖИТС ОО мамандары бейресми білім беру шеңберінде медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.

Мақсаты: халыққа АИТВ инфекциясы бойынша медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту, медицина қызметкерлері арасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті еңсеру бойынша профилактикалық жұмыс.

ЖИТС ОО эпидемиологы В. Цой АИТВ-мен ауыратын адамдар ұшырайтын стигма мен кемсітушіліктің негізгі аспектілері туралы айтып берді, оның ішінде: әлеуметтік оқшаулау, жұмысқа және медициналық қызметке қолжетімділік, ішкі стигма, бала туу және тәрбиелеу, өз құқықтарын қорғауды білу және пайдалану, өзгерістерді жүзеге асыру, АИТВ-ға тестілеу және статусты ашу.

В. Цой медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде авариялық жағдайлар туындағанда АИТВ-нің қатынастан кейінгі профилактикасы үшін эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізуге баса назар аударды. ЖИТС ОО эпидемиологы Ж. Майшурина клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша пациенттерді АИТВ-ға тексеруге егжей-тегжейлі тоқталды.

IMG20250917161111-1
IMG20250919094014