ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА
АИТВ-инфекциясының болуын адамның сыртқы белгілері бойынша анықтау мүмкін емес. АИТВ тесті - адам ағзасында вирус бар-жоғын анықтаудың жалғыз жолы.
АИТВ-ға тестіні кімге тапсыру керек?
Өмірінде ең болмағанда бір рет презервативсіз жыныстық қатынасқа түскен, инъекциялық есірткіні тұтынған кез келген адам, жүктілікті жоспарлаған жұп, авариялық жағдай кезінде (ҚКП туралы бөлімді қараңыз).
Серонегативті терезе - вирус адам ағзасына енген сәттен бастап қандағы антиденелердің пайда болуына дейінгі кезең 2 аптадан 3 айға дейін созылады. Сондықтан ЖИТС ОО мамандары АИТВ-ға 1 және 3 айдан кейін қайта тестілеуден өтуді ұсынады.
Неге АИТВ-ға тест тапсыру керек?
- Серіктесінің АИТВ статусын білмеу жұқтыру қаупін арттырады.
- Некеге тұруды және бір-біріне адалдықты сақтай отырып, тұрақты қарым-қатынаста болуды қалайтын жұптарға инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін.
- Болашақ баланы қорғау үшін жүктілікті жоспарлау кезінде.
- Егер адамда алғаш рет АИТВ инфекциясы анықталған болса, уақтылы емдеуді бастау МАҢЫЗДЫ!!! Қазақстанда АИТВ-инфекциясын емдеу - ТЕГІН.
АИТВ-ға тексеруден қайда өту керек?
- Тұрғылықты жері бойынша емханада (тіркелген)
- Облыстық ЖИТС-тың алдын-алу және күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
АИТВ-ҒА ТЕКСЕРУ ТЕГІН
Консультацияны мына жерден алуға болады:
100600, Жезқазған қаласы, Ғ. Омаров көшесі, 23 ғим., тел.:8 (7102) 41-00-76
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық ЖИТС-тың алдын-алу және күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
