Сіз жүктілікті жоспарлап отырсыз ба?
Өз АИТВ-статусыңызды біліңіз!
Жыл сайын АИТВ жұқтырған әйелдер саны артып келеді және соның салдарынан дүниеге АИТВ-мен ауыратын балалар туылады. Сондықтан, әрбір әйелге жүктілік кезінде өзінің АИТВ-статусы туралы білу маңызды (алдын-ала жақсы), оң нәтиже болған жағдайда алдын-алуды уақытында бастау керек. Болашақ ана мен баланың денсаулығы осыған байланысты.
АИТВ-ға тексерілуді қалай және қашан жүргізу керек?
Әрбір әйел жүктілік басталғанға дейін өзінің АИТВ-статусын білуі керек.
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖЫНЫСТЫҚ СЕРІКТЕСТЕРІ АИТВ-ҒА ТЕКСЕРІЛУІ КЕРЕК!
Жүктілік кезінде әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-ға тексерудің негізгі мақсаты - АИТВ-инфекциясының балаға жұғуының алдын алу. Жүктілік кезінде АИТВ-ға тексеру 2 рет жүргізіледі. Тексеру қандағы АИТВ адам ағзасына енген кезде пайда болатын және әртүрлі инфекциялармен, соның ішінде АИТВ инфекциясымен күресуге қызмет ететін арнайы антиденелер - ақуыздарды анықтауға мүмкіндік береді.
Жүктілік кезінде АИТВ-ға тексеру тәртібі:
- екі рет - жүктілік бойынша есепке қою кезінде (І тест) және 28-30 апта мерзімінде (II тест);
- босандыру ұйымдарына АИТВ-инфекциясына екі рет тексерудің нәтижесінсіз босануға түскендерге;
- бір рет тексерілгендерге – босануға түскенге дейін 3 аптадан артық;
- босану ұйымынан тыс босанғандар;
- аборт, өздігінен түсік түсіру немесе дамымай қалған жүктілік кезінде жүктілікті үзудің алдында;
- АИТВ жұқтырған жыныстық серіктесі немесе инъекциялық есірткі қолданатын серіктесі бар;
- халықтың негізгі тобына жататындарға (инъекциялық есірткі қолданатын адамдар, коммерциялық секс қызметкерлері және т.б.);
Егер тексеру нәтижесі оң болса (қанда АИТВ-ға антиденелер анықталса), медицина қызметкерлері АИТВ-ның балаға берілу қаупін азайту үшін қажетті білікті медициналық көмек көрсетеді.
АИТВ-ға қайта талдау (28-30 апта) да өте маңызды, өйткені алғашқы тексеруден кейін АИТВ-инфекциясын жұқтыруды жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар, бастапқы тексеру кезінде (жүктілік бойынша есепке тұру кезінде) әйелдің қанында антиденелер болмауы мүмкін (немесе олар аз болған) – АИТВ жұқтырған сәттен бастап антиденелердің пайда болу мерзімі екі аптадан үш айға дейін өзгереді.
АИТВ жұқтырған әйел дені сау баланы дүниеге әкеле алады! Ол неғұрлым ертерек тексерілсе, балаға медициналық көмек соғұрлым ертерек және жоғары тиімділікпен көрсетілуі мүмкін.
АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу әдістеріне мыналар жатады:
- жүктілік кезінде және босану кезінде әйелге, сондай-ақ жаңа туылған нәрестеге вирусқа қарсы препараттарды тағайындау;
- қандағы вирус мөлшері жоғары болған кезде – «кесарь тілігі» операциясы арқылы босандыру;
- емшек сүтімен тамақтандырудан бас тартып, жаңа туылған нәрестені жасанды қоспалармен тамақтандыруға көшу.
Егер осы алдын-алу әдістерінің барлығы жүргізілсе, іштегі ұрық пен жаңа туылған нәрестені жұқтыру ықтималдығы айтарлықтай төмендейді. Бұл, балалардың 98,0%-на АИТВ жұқпайды деген сөз. Ең бастысы – жүктілік кезінде, босанғаннан кейін үнемі бақылауда болу және дәрігердің барлық тағайындауларын орындау!
Неліктен АИТВ-мен ауыратын әйел емшек сүтінен бас тартуы керек?
АИТВ жұқтырған әйелдің емшек сүтінде АИТВ кездеседі !
Әйел үшін емшек сүтінен бас тарту маңызды !
Балаға жасанды тамақтандыру (қоспалар) қажет !
АИТВ жұқтырған анадан туылған баланың қанында 18 ай бойы аналық антиденелер болады, олар бір жарым жылға қарай біртіндеп жоғалады немесе сақталады – егер бала АИТВ жұқтырған болса.
ЕГЕР СІЗ УАҚТЫЛЫ КӨМЕККЕ ЖҮГІНСЕҢІЗ,
ДӘРІГЕРЛЕР НӘРЕСТЕНІҢ САУ БОЛЫП ТУЫЛУЫНА КӨМЕКТЕСЕ АЛАДЫ!
Консультацияны мына жерден алуға болады:
100600, Жезқазған қаласы, Ғ. Омаров көшесі, 23 ғим., тел.:8 (7102) 41-00-76
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық ЖИТС-тың алдын-алу және күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
