Егер Сізде АИТВ-статусы ТЕРІС және қауіпті сексуалдық/инъекциялық мінез-құлық болса, онда ҚДП/PrEP Сізді АИТВ-дан қорғауға көмектеседі.
ҚДП дегеніміз не?
Қатынасқа дейінгі профилактика/ PrEP – (ағылшын тілінен - pre-exposure prophylaxis) бұл адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыруды болдырмау мақсатында антиретровирустық препараттарды пайдалану.
ҚДП презервативті алмастырмайды !
Тұрақты қатынасқа дейінгі профилактиканың арқасында АИТВ жұқтыру қаупі азаяды, алайда ҚДП гонорея, мерез, адам папилломавирусы және т. б. сияқты жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғамайды.
Қатынастан кейінгі профилактика/ҚКП/РЕР дегеніміз не?
Қатынастан кейінгі профилактиканы авариялық жағдайларға тап болған адамдар алуы мүмкін – инфекцияның ықтимал көзінің қанымен ластанған өткір аспаптармен кесіп алулар немесе инеге шаншылып алулар, тері және шырышты қабаттарға (көздер, мұрын, ауыз) биологиялық сұйықтықтың түсуі, тістелген жаралар, сондай-ақ жыныстық зорлық-зомбылық кезінде. Сондықтан, егер Сіз осындай жағдайларға тап болсаңыз, алғашқы 1-3 тәуліктерде медициналық көмек алу үшін аумақтық АИТВ ОО-ға жүгіну қажет!!!
Авариялық жағдайда антиретровирустық препараттарды (ҚКП) қабылдауды алғашқы 2 сағат ішінде, бірақ биологиялық материалмен (қан және т.б.) жанасқаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей бастау керек!!!
АИТВ ОО мамандары АИТВ жұқтыру қаупін және авариялық жағдайға қатысушыларды АИТВ-ға тексеру нәтижелерін (апаттық жағдайда зардап шеккен және инфекцияның әлеуетті көзі) ескере отырып, ҚКП-ның басталуы туралы шешім қабылдайды.
ҚКП тек АИТВ-мәртебесі теріс адамдарға ғана тағайындалады!
ҚКП 28 күн ішінде қабылданады!
Консультацияны мына жерден алуға болады:
100600, Жезқазған қаласы, Ғ. Омаров көшесі, 23 ғим., тел.:8 (7102) 41-00-76
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық ЖИТС-тың алдын-алу және күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
