Ұлытау ЖИТС орталығы жыл сайын халықтың негізгі топтарының өкілдеріне (инъекциялық есірткі қолданатын адамдар, секс-қызметкерлер, ерлермен жыныстық қатынаста болатын ерлер) сенім пункттері мен достық кабинеттерінде емдеу-профилактикалық қызметтерді көрсетіліп, АИТВ, вирустық гепатит және ЖЖБИ-ге тестілеу, сондай-ақ жұқтырғанға дейін және одан кейінгі профилактика бойынша кеңес беру жүргізіледі. 2025 жылдың 9 айында профилактикалық бағдарламалармен қамтылған негізгі халық өкілдерінің 95 пайыздан астамы АИТВ-ға тестілеуден өтті. Өйткені, АИТВ-статусын білу адамға антиретровирустық терапияны уақтылы бастауға мүмкіндік береді.

АИТВ-ның алдын алудағы басым бағыттардың бірі – алдын ала әсер ету профилактикасы (PrEp). Қазіргі уақытта аймақтағы кәсіби бағдарламалармен қамтылған негізгі халықтың шамамен 14%-ы PrEP алды.

Тік берілудің (анасынан баласына жұғу) алдын алу маңызды болып қала береді. 2025 жылдың тоғыз айында облыста жүкті әйелдерді АИТВ-ға тестілеумен қамту 100%-ға, ал олардың жыныстық серіктестерін тестілеу 98,2%-ға жетті (мақсаттылық 98%-дан кем емес).      

- Бүгінгі таңда халықтың негізгі топтары арасында ғана емес, жалпы халық арасында да АИТВ-инфекциясының алдын алуға ерекше назар аудару қажет. «Жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жастар денсаулық орталықтары мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары арқылы жүргізілуі керек. Осылайша біз халық арасында АИТВ инфекциясының таралуына қарсы тұра аламыз», - деп атап өтті Ұлытау облыстық ЖИТС орталығының директоры Л.Мұхамедиева.

Жыл сайын 1 желтоқсанда дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні атап өтіледі. ЮНЭЙДС-тің ұсынысына сәйкес, биылғы жылдың тақырыбы     : «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге».

Ұлытау ЖИТС орталығы, тел.: 8(7102)41-00-76