Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директорылауазымына  конкурс жариялайды:
Конкурстың өткізілетін күні мен орны:

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн  есептеледі.
 Орналасқан жері –Ұлытау облысы Жезқазған қаласы, Ғ. Омаров көшесі, 23 ғимарат үй.         

  1. Пошталық мекен-жайы- Ұлытау облысы Жезқазған қаласы, Ғ. Омаров көшесі, 23 ғимарат.

Телефон нөмірлері – 8 (7102) 410076,  +77718992957

Электрондық пошта мекен-жайы – Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар білім беру ұйымының атауы – Ұлытау облысының  денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу орталығы»  КМҚК 

  1. Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

1) АИТВ-ны ерте анықтау және оның алдын алу, АИТВ-мен ауыратын және АИТВ жұқтырған науқастарды диагностикалау, емдеу, диспансерлеу сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, білікті заң көмегін көрсету;

2) халық және тәуекел топтары арасында диагностика сапасын арттыруға ықпал ететін озық технологияларды енгізу бойынша зертханалардың қызметін дамыту және жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

3) тұрғындар арасында АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл жасау, салауатты өмір салты мен жыныстық сауаттылықты насихаттауды жүргізу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;

4) «ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынындағы біліктілікті арттыру курстарында және медициналық колледжінде АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша облыс дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлерін даярлауға қатысу.

                       

3.Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері: Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық ережелер, нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.

Медициналық этика талаптарының, ұйым қызметіндегі, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымға жауап береді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, құралдарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

4.Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат); немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау»  немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген); қазіргі заманның стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері басқару қызметінің негіздерін; Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін; басқарудың экономикалық әдістері және ұйымның қызметін талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын; денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелерді; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистика, өлшемдер мен көрсеткіштерді; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибені; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды; Төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыра білу.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сотталмағандығы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарын, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдарын) ұсына алады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынады: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін.

Хабарландыруды  https://spid-ulytau.kz жеке сайтынан көруге болады.

 Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі – 06.-08.07.2025ж
  2. Конкурс өткізу уақыты – 15 күнтізбелік күн 23.06.-08.07.2025ж

 Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.