2026 жылғы 18 ақпанда «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде Сәтбаев қалалық емханасының жастар денсаулық орталығының мамандары – психолог А. Е. Тәңірбергенова мен маман А. Б. Шақманова, сондай-ақ облыстық ЖИТС орталығының мейірбикесі Л. Я. Роханская студенттер арасында дәріс өткізді.
Шара барысында «АИТВ мен нашақорлықтың алдын алу негіздері», «Репродуктивті денсаулық мәселелері» және «ЖЖБИ алдын алу» тақырыптары қозғалды. Негізгі мақсат — АИТВ мен ЖЖБИ мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. Қатысушыларға ақпараттық брошюралар таратылды.



