2026 жылғы 11 наурызда Сәтбаев қаласының №25 жалпы білім беретін мектебінде Сәтбаев қалалық емханасының Жастар денсаулық орталығының мамандары (психолог А. Е. Тәңірбергенова, маман А. Б. Шақманова) және Ұлытау облыстық ЖИТС орталығының мейірбикесі Л. Я. Роханская жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

ЖИТС орталығының мейірбикесі Л. Я. Роханская АИТВ-ның (ВИЧ) жұғу жолдары мен оның алдын алу әдістері туралы айтып берді. Жастар денсаулық орталығының мамандары ЖЖБИ (ИППП) мен туберкулезді ерте диагностикалау мен алдын алудың өзектілігі, сондай-ақ репродуктивті денсаулық туралы білімнің маңыздылығына тоқталды.

Кездесудің негізгі мақсаты — жастардың АИТВ және ЖЖБИ туралы хабардарлығын арттыру, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. Шара барысында презентациялар көрсетіліп, ақпараттық кітапшалар (брошюралар) таратылды.

 

WhatsApp-Image-2026-03-11-at-145059
WhatsApp-Image-2026-03-11-at-145110
WhatsApp-Image-2026-03-11-at-145059
WhatsApp-Image-2026-03-11-at-145110