Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтіледі. Осы датаға орай Ұлытау өңірінде халықтың АИТВ туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына және басқалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыратын іс-шаралар өткізілетін болады. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің 2025 жылғы тақырыбы: «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге»

Іс-шаралар бағдарламасы:

  • БАҚ өкілдері мен бөлім басшыларына арналған баспасөз конференциясы. Жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залы (11 қараша 2025 ж.).
  • Облыстық ЖИТС орталығында АИТВ-ға құпия, жасырын және тегін тестілеуден өту мүмкіндігімен ашық есік күні (12.11.2025).
  • Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған жиналыс (18.11.2025 ж.)
  • Жастар ресурстық орталығымен және Жезқазған университетінің студенттерімен «Қорқудың қажеті жоқ, БІЛУ маңызды!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу. Жезқазған қаласының жастар ресурстық орталығы (27.11.2025 ж.)
  •  Облыс жастары арасында «Жастар АИТВ-ға қарсы!» кең ауқымды акциясы. «Доверие» ҮЕҰ-мен бірлесіп (28 қараша 2025 ж.)
  •  Облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен басқа да білім беру ұйымдарында интерактивті дәрістер, кездесулер, кеңестер

Өткізілетін мерзім: 10.11.2025ж.-10.12.2025ж.аралығында

Бұл  іс-шаралардың мақсаты – адамдарға АИТВ-инфекциясының өлім жазасы емес екенін және дер кезінде емделу адамның өмірін ұзартатынын еске салу. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік азаяды және олар АИТВ-ның алдын алуға, емдеуге және күтімге ашық қол жеткізуге шақырылады.

Байланыс ақпараты:

Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күресі орталығы, Ұлытау облысы

Тел.: 8 (7102) 41-00-76, Веб-сайт: www.spid-ulytau.kz,

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.