2026 жылдың 3 наурызында Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің 8-9 сынып оқушыларымен Сәтбаев қалалық емханасының Жастар денсаулық орталығының мамандары (психолог А. Е. Тәңірбергенова, маман А. Б. Шақманова) және ЖИТС орталығының медбикесі Л. Я. Роханская кездесу өткізді.

Жастар денсаулық орталығының мамандары АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ-дің (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар) алдын алу және ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы айтып берді. ЖИТС орталығының медбикесі Л. Я. Роханская оқушыларды АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу негіздері туралы хабардар етті.

Кездесудің басты мақсаты — жастардың АИТВ және ЖЖБИ туралы ақпараттану деңгейін арттыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. Шара барысында презентациялар көрсетіліп, ақпараттық брошюралар таратылды.

 

123123123
3453244234234
123123123
3453244234234