2025 жылдың 14 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Ұлытау ЖИТС орталығының мамандары Ұлытау АІІБ Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы Ұлытау облыстық ЖИТС орталығының медбикелері Л.Роханская мен К.Абишева; АИТВ-статусыңызды біліп, АИТВ-ға тестілеуден өту қаншалықты маңызды екенін еске салды. Ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар, парақшалар және т.б.) таратылды. Қалағандар АИТВ-ға тексерілді.
