2026 жылғы 17 наурызда Ұлытау облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-инфекционисі А. Аханова Сәтбаев қаласының ауруханасында медицина қызметкерлеріне арналған бейресми оқыту өткізді.

Жиын барысында бекітілген халықты клиникалық айғақтар бойынша АИТВ-ға тестілеу, оның ішінде жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін тексеру мәселелері талқыланды.

Спикер А. Аханова АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы мен ілеспе ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

-1
-2
-1
-2