2026 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облыстық ЖИТС орталығының мамандары – эпидемиолог дәрігер В. Цой және инфекционист дәрігер А. Аханова Жезқазған қаласының емханасында медицина қызметкерлеріне арналған бейресми оқу өткізді.
Медициналық ұйымның 2025 жылғы АИТВ-ға тестілеумен қамту бойынша қызметінің қорытындылары талданды. Бекітілген халықты клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тестілеу, соның ішінде жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін тексеру мәселелері талқыланды. Жұмыс орнында апаттық жағдайлар тіркелген кездегі іс-қимыл алгоритмі пысықталды.
