27.03.2026 жылы "Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ КМК конференц-залында Ұлытау ЖИТС ОО мамандары облыстың медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Тақырыбы "клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тексеру туралы".

Облыстық семинарға қатысушылар: инфекционист дәрігерлер, эпидемиолог дәрігерлер, дерматовенеролог дәрігерлер және Ұлытау облысының медициналық ұйымдарының жалпы практика дәрігерлері.

Облыстық семинардың мақсаты: облыс халқының клиникалық көрсеткіштері бойынша АИТВ-ға тексеру деңгейін арттыру.

Спикер, дерматовенеролог А. Т. Ерғалиев, тері ауруларының белгілері бар адамдарды, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың көріністерін АИТВ-ға тексерудің маңыздылығы туралы айтты.

Инфекционист дәрігер А. Б. Аханова, қатысушыларға АИТВ-ға клиникалық көрсетілімдер бойынша тек 113 және 104 коды бар ересектер ғана емес, 117 коды бар балалар да тексерілетінін еске салды.

1
2
1
2