2026 жылғы 2 наурызда Сәтбаев қаласының №14 жалпы білім беретін мектебінде Сәтбаев қалалық емханасының жастар денсаулық орталығының мамандары (психолог А. Е. Тәңірбергенова, маман А. Б. Шақманова) және ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың (ОЦ СПИД) медбикесі Л. Я. Роханская жоғары сынып оқушылары арасында дәріс өткізді.
Жастар денсаулық орталығының мамандары АИТВ-инфекциясының, ЖЖБИ (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар) және туберкулездің алдын алу мен ерте диагностикалаудың өзектілігі, репродуктивті денсаулық туралы білімнің маңыздылығы жайында айтып берді. ЖИТС орталығының медбикесі Л. Я. Роханская оқушыларды АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу негіздері туралы ақпараттандырды.
Кездесудің негізгі мақсаты — жастардың АИТВ және ЖЖБИ туралы хабардарлығын арттыру, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. Шара барысында презентациялар көрсетіліп, брошюралар таратылды.


