2026 жылғы 13 ақпанда Сәтпаев индустриалды колледжінде Сәтпаев қалалық емханасының Жастар денсаулық орталығының мамандары — психолог А. Е. Тәңірбергенова мен маман А. Б. Шақманова, сондай-ақ Ұлытау облыстық ЖИТС орталығының медбикесі Л. Я. Роханская бірінші және екінші курс студенттері арасында семинар өткізді.

Тақырыбы: «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы. АИТВ және ЖЖБИ алдын алу», «Жасөспірімдер арасында темекі шегу мен нашақорлықтың алдын алу».

Негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, темекі шегу мен нашақорлықтың алдын алу, АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру.

WhatsApp-Image-2026-02-13-at-135407
WhatsApp-Image-2026-02-13-at-135411
WhatsApp-Image-2026-02-13-at-135407
WhatsApp-Image-2026-02-13-at-135411