2026 жылғы 04 ақпанда Ұлытау облыстық ЖИТС орталығының маманы В. Цой және инфекционист-дәрігер А. Аханова «Тильман» ЖШС-де медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.

Спикер В. Цой жұмыс орнында апаттық жағдайлар тіркелген кезде кәсіби міндеттерді орындау барысындағы іс-қимылдар алгоритміне егжей-тегжейлі тоқталды. 2026 жылы бекітілген халықты клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тестілеудің негізгі бағыттары талқыланды, соның ішінде жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін уақтылы тексеруден өткізу мәселесі ерекше атап өтілді.

А. Аханова АИТВ-инфекциясын және ілеспе ауруларды, соның ішінде В және С вирустық гепатиттерін диагностикалау мен емдеу туралы айтып берді.