Сәтбаев қаласындағы емханада 2025 жылдың 1 желтоқсанында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Ашық есік күні өтті.Сәтбаев емханасының мамандары алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ю. Малая, әлеуметтік қызметкерлер – А.Қонаева, Ж. Жакупова және А.Қуатбаева, ЖДО медбикесі – А.Шакманова, т.б.
Салауатты өмір салтын ұстану жұмыстары бойынша медбикелер – А.Рахманкулова және А.Жаздыбай тұрғындармен АИТВ-инфекциясының және ЖЖБИ-нің алдын алу бойынша кеңестер мен әңгімелер жүргізді.
Шақырылған қонақ, Ұлытау облыстық ЖИТС орталығының медбикесі Л.Роханская АИТВ-ға тестілеудің мақсаты, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма неліктен инфекцияның таралуына ықпал ететіні туралы айтты. Тілек білдіргендер АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтіп, 70-тен астам адам қамтылды. Ақпараттандыру материалдары мен буклеттер таратылды.
