2025 жылдың 25 қарашасында «Жігер» спорт кешенінде «Жігер» спорт кешенінде 2025 жылдың 25 қарашасында спортпен шұғылдану және шығармашылықпен айналысу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру басымдылық болып табылатын жасөспірімдер арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу бойынша интерактивті форматта тренинг өткізілді.

Шақырылған қонақтар – облыстық ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің полиция подполковнигі А.Атабаева, Ұлытау ЖИТС орталығының эпидемиолог көмекшісі Л.Қозыбаева.

Баяндамашы А.Атабаева өңірде есірткі қылмысымен күресу бойынша профилактикалық іс-шаралар қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

Л.Қозыбаева спорттық және шығармашылық хобби жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпалын тигізіп, есірткі қолдану, қорғансыз жыныстық қатынас сияқты қауіпті мінез-құлықтан арылтады деген пікірді қолдады. Өйткені, бұл ЖЖБИ мен АИТВ-инфекциясына әкелетін қауіптер. Жасөспірімдерге АИТВ жұқтыру жолдары және алдын алу шаралары айтылды.