2026 жылғы 24 ақпанда Ұлытау облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында облыстың жастар денсаулық орталықтарымен (ЖДО) кеңес өткізілді. Кеңестің тақырыбы: «Жастар арасында АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы».

Кеңеске Жезқазған және Сәтбаев қалалық емханаларының жастар орталықтарының меңгерушілері, психологтары, мамандары мен мейірбикелері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: жастардың АИТВ туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру үшін ЖИТС орталығы мен ЖДО арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту.

Кеңеске қатысушылар АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті бағыттарын, соның ішінде жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі алдын алу шараларын талқылады.

Спикер В. Цой қазіргі уақытта АИТВ мәртебесі теріс адамдардың жүйелі түрде қолдануы жағдайында жанасуға дейінгі алдын алу шарасы АИТВ-инфекциясының жыныстық жолмен берілуінің алдын алудағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

В. Цой АИТВ-ға экспресс-тестілеудің маңыздылығы туралы айтып, емханалардың ЖДО-на жүгінетін жастар арасында тестілеудің осы әдісін қолдануды ұсынды. АИТВ-ға қызыл иек маңы және капиллярлық тесттер арқылы экспресс-тестілеу жүргізу әдістемесі көрсетілді.

Ұлытау облыстық ЖИТС орталығының психологы Г. Беспаева медициналық ұйымдардағы стигма мен дискриминация мәселесінің өзектілігіне тоқталды.

Кеңес барысында тестілеуге дейінгі және кейінгі сауалнама жүргізіліп, қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

 

1
2
1
2