2026 жылдың 19 ақпанында Сәтбаев қалалық емханасының Жастар денсаулық орталығының мамандары (психолог А. Е. Тәңірбергенова, маман А. Б. Шақманова) және Облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының мейіргері Л. Я. Роханская С. Сейфуллин атындағы гимназия оқушыларымен кездесу өткізді.

Жастар денсаулық орталығының мамандары ЖЖБИ-ді ерте диагностикалау мен алдын алудың өзектілігі, сондай-ақ репродуктивті денсаулық туралы білімнің маңыздылығы туралы айтып берді. Облыстық ЖИТС орталығының мейіргері Л. Я. Роханская оқушыларды АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу негіздері туралы ақпараттандырды.

Кездесудің негізгі мақсаты — жастардың АИТВ және ЖЖБИ туралы хабардарлығын арттыру, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. Шара барысында презентациялар көрсетіліп, брошюралар таратылды.