2025 жылдың 24 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Жезқазған қаласындағы емханада Ашық есік күні өтті.

Мақсаты: халықтың хабардарлығын арттыру және өз денсаулығына және басқалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды дамыту.

Жезқазған қаласындағы MCZ емханасының мамандары (психолог Г.Беспаева) және консультацияға шақырылған ЖИТС орталығының мамандары (ассистент-эпидемиолог Г.Қозыбаева) сол күні емханаға келген тұрғындармен АИТВ-инфекциясының және ЖЖБИ-нің алдын алу бойынша әңгімелер жүргізді. Брошюралар мен буклеттер таратылды. 60-тан астам адам қамтылды.